«Нұржамал апамызға Алла күш-қуат, деніне саулық берсін! Әрдайым жүзінен күлкі кетпей, осындай қазақи кимешекпен ұл-қыздарының, немерелерінің арасында бақытқа бөленіп жүре берсін! Қайда жүрсеңіздер де аман болыңыздар!», «Қазақтың кимешегі әдемі жарасып тұр. Қазақтар алыстан көрсе де «қазақ» деп таниды. Әдемі көрініс екен», «керемет, ұлттық киіммен аралаум-менің де арманым еді», «ұлттық киімізді мақтанышпен киіп шыққанына ризамын, шынайы эмоциялар» деп жазып жатыр желідегілер.
Нұржамал Қасымова күнделікті өмірінің көріністерін, әсіресе дәмді тағамдар жасап жүрген видеоларын парақшасында жариялап тұрады. Оның 24 мыңға жуық оқырманы бар.