Жаңалықтар

Антикорға жаңа басшы тағайындалды

Антикорға жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 30 маусымда Президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған болатын.

Барлық жаңалық