Шоу-бизнес

Әнші Дильназ Ахмадиева жап-жас сүйіктісін көрсетті

Әнші Дильназ Ахмадиева жап-жас сүйіктісін көрсетті

44 жастағы танымал әнші Ділназ Ахмадиева Instagram парақшасында жас жігітпен түскен суретін жариялап, желі қолданушыларын қызықтырып қойды, деп хабарлайды ozgeris.info

Постта әнші қазақстандық әртіс әрі тележүргізуші Талғат Байғұжиновпен құшақтасып түскен.
Ділназ суретке ешқандай түсініктеме қалдырмаған, ал Талғат Байғұжинов жазбаға қызыл жүрек эмодзиімен реакция білдірген.

Бұл кадр желіде қызу талқыланып, пікір қалдырушылар екіге бөлінді: бірі олардың жұп екенін болжаған болса, енді бірі бұл жаңа клиптің түсірілімі деп топшылаған.

"Бақытты болыңдар", "Қандай керемет жұп", "Оо, Құттықтаймын!", - деп жазған желі қолданушылары. 

Барлық жаңалық