Шоу-бизнес

"Ән айтатын іш киімдер": Баян Алагөзованың жаңа "KeshYou" жобасының масқарасы шықты

"Ән айтатын іш киімдер": Баян Алагөзованың жаңа "KeshYou" жобасының масқарасы шықты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

KeshYou тобының «Маған қара» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаяны әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, көпшілік тарапынан сынға алынды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Желі қолданушылары бейнебаяндағы сахналық киімдер мен әннің мазмұнын сынға алған. Instagram парақшаларында түрлі пікірлер жазылды:

– «Әндері мүлдем әсер етпейді, қыздар әдемі, бірақ киімдері жараспаған»,
– «Тағы да бір клип түсіріпті. Өтеді деп ойлаған сияқты, бірақ сәтсіз болды»,
– «Бұл топты ән айтатын іш киім деп атаса болады».

Әзірге KeshYou тобының мүшелері де, олардың продюсері Баян Алагөзова да бұл сынға байланысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

 

Барлық жаңалық