Жаңалықтар

Ан-2 ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Ан-2 ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Әлеуметті желіде тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы таралды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Көлік министрлігі авиациялық оқиға болғанын растады.  

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Видеодан ұшақтың тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына апатты жағдайда қонғанын көруге болады. 

Зардап шеккендер жоқ. Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.

Барлық жаңалық