Қоғам

Алты жасөспірім бір оқушыны ұрды: Оныншы сынып оқушысының жағы сынды

Қызылордада алты жасөспірім мектеп дәретханасында оныншы сынып оқушысын ұрды. Жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kzке сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан оқушыны бірнеше жасөспірім соққыға жығып жатқан сәті анық көрінеді. Жасөспірімнің жақ сүйегі мен мұрыны сынып, бас миына соққы келген. Дәрігерлер ота жасап, жақ сүйегін металл скобалармен бекітті.



Қызылорда облыстық полиция департаменті топ болып жасалған бұл әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Барлық күдіктілер кәмелетке толмағандар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.Полицияның мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, ал кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері де тәрбие міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға ұсыныс жасалып, қосымша алдын алу шаралары қарастырылуда.

Барлық жаңалық