💰 Экономика

Алматыға Қытайдан турист көптеп келе бастады

Алматы туризм саласында ел ішінде көш бастап тұр. Биылдың алғашқы алты айында қалаға 1,14 миллионнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары, деп жазады Ozgeris.info.

Қалалық туризм басқармасының дерегінше, туристердің 323,5 мыңы – шетелдік, ал 816,5 мыңы – ішкі туристер.

«Әсіресе, Қытайдан келген мейман көп. Алты айда Алматыға 54,1 мың қытайлық азамат аялдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,4 пайыз артық. Қытай Үндістаннан кейінгі екінші орынды иеленді (56,2 мың адам). Үздік бестікте Түркия (17,9 мың), Корея Республикасы (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германия (6,5 мың) бар», делінген хабарламада.

Барлық жаңалық