Жаңалықтар

Алматыдағы дәмханада ер адам танысының мойнына пышақ сұққан

Алматыдағы дәмханада ер адам танысының мойнына пышақ сұққан

Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жанжал соңы пышақ жарақатымен аяқталды.

Оқиға салдарынан 45 жастағы ер адам мойын тұсынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ота жасаған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жанжал бұрыннан таныс екі адамның арасында туындаған. Кенеттен шыққан сөзталас кезінде күдікті жәбірленушінің мойнына пышақ сұққан.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні оқиға болғаннан кейін көп ұзамай қолға түсірді. Ол – 32 жастағы ер адам. Тергеу барысында қылмыс құралы болуы мүмкін пышақ тәркіленген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық