Алматыдағы базар аумағында түнде өрт шықты. Өрттің ұлғаюына жол бермей, оны дер кезінде ауыздықтауға өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеті себеп болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алатау ауданындағы «Солтүстік шеңбер» ықшамауданында орналасқан жылдам тамақтану киоскі жанып, от жанындағы металл контейнерге тараған.
«Оқиға орнына ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері жеткен кезде бір қабатты киоск толығымен өртке оранғаны анықталды. Жақын маңдағы құрылыстарға тарау қаупі болды. Дегенмен өрт сөндірушілердің шұғыл әрі үйлесімді жұмысының арқасында өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланды», – делінген ведомство хабарламасында.
Тілсіз жауды ауыздықтау барысында екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.