Алматы метрополитенінің «Абай» станциясында қысқа тұйықталу болуы мүмкін деген хабар түсті деп хабарлайды Оzgeris.info.
Бұл туралы 112 қызметіне метро диспетчері ақпарат берген.Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жеткенімен, тексеру барысында өрт белгілері анықталған жоқ.
Қауіпсіздік мақсатында машинист пойызды дереу тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығарған. Кейін пойыз техникалық тексеру үшін депоға жөнелтілді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып, компьютерлік диагностика жүргізіліп жатыр.
ТЖМ өкілдерінің мәліметінше, резервтік пойыз іске қосылып, пойыз қозғалысы шамамен 15 минут ішінде толық қалпына келтірілген. Қазіргі таңда Алматы метрополитені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.