Қоғам

Алматыда зейнеткерге салынған айыппұл қоғам талқысына түсті

Алматыда зейнеткерге салынған айыппұл қоғам талқысына түсті

Алматы қаласында 75 мың теңге зейнетақы алатын қарт тұрғынға әкімшілік құқықбұзушылықты қайталап жасағаны үшін 21 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол көшеде ашытылған қырыққабат сатып отырғаны үшін жауапкершілікке тартылған деп хабарлайды ozgeris.info сайты Egov.Press телеграмына сілтеп.

Осыған байланысты Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Айдын Тоқтаровтан қызметтік тексеріс жүргізіп, тәртіп сақшысының әрекетіне баға беруді сұраймыз. Себебі аталған полиция қызметкері көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпай, телефон қолданғаны, бейәдеп сөздер айтып, жасы үлкен адаммен сөйлесу барысында құрметсіздік танытқаны айтылуда. Мұндай әрекеттер полиция қызметінің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Барлық жаңалық