Жаңалықтар

Алматыда самокат мінген екі ер адам төбелес шығарды

Алматыда самокат мінген екі ер адам жол айрығында кездесіп, төбелес шығарды. Бұл оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 


Желіде жарияланған бейнежазбада екі ер адамның тротуарда бір-бірімен соғылып қала жаздағаны анық көрінеді. Әуелі ұсақ кикілжің сөзге таласқа ұласқан, ал кейін дау төбелеске айналған. Оқиға орнына куәгерлер араласып, тараптарды ажыратуға мәжбүр болды.

 

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерекке қатысты түсініктеме берді.

 

“Тротуарда орын алған жанжалға қатысушылар анықталып, жақын уақытта ұсталады. Оларға заң аясында қатаң шара қолданылады. Әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қоғамдық тәртіпті бұзу – жол берілмейтін әрекет”, – делінген полиция хабарламасында.

 

 Полиция сонымен қатар қала тұрғындарын төбелес, дау-дамай секілді заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырып, мұндай жағдайлардың қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер ететінін ескертті.

Барлық жаңалық