Жаңалықтар

Алматыда Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

Алматыда Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

Алматы қаласының Медеу ауданында болған отбасылық жанжалға байланысты полиция қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына жедел барған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды ozgeris.info сайты.

Түсіндірмеге сәйкес, жанжалға қатысушылар мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Тексеру барысында әйел адам бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен ол соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

Нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бұл оқиғаға қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың қатысы бар екені туралы ақпарат тараған. Айта кетейік, ол белгілі балуан әрі депутат Дәулет Тұрлыхановтың жиені.

Еске салайық, 2024 жылы Рахат Тұрлыханов жұбайына қол көтеру дерегі бойынша сот алдында жауап беріп, кейіннен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

Барлық жаңалық