Қоғам

Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

Алматыда  пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

Алматының Әуезов ауданындағы «Жетісу» шағынауданында пәтерден 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қажетті тергеу амалдарын жүргізді.

"Қазір мамандар оның өмір салтын, араласқан адамдарын және болған оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де жағдайларды зерттеп жатыр. Тергеу нәтижесінде оқиғаның толық мән-жайы анықталады", – деді полиция департаменті.


Тәртіп сақшылары марқұмның соңғы айларда қиын кезеңді бастан өткергенін анықтаған. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Барлық жаңалық