Алматыда 41 жастағы ер адам өз анасын өлтірді деген күдікпен полиция тарапынан ұсталды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтеме жасап.
Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті өлтірілген әйелдің ұлы ұсталуы расталды.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Басқа да мән-жайлар тергеу барысында анықталуда.