Алматыда Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкері көлік қағып кетуі салдарынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Оқиға күндізгі сағат үш шамасында болды. «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі кенеттен ортада тұрған тәртіп сақшысын қағып, белгілерді елемей көшені қақ жарып өтуге әрекет жасаған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан аға лейтенант дене жарақатын алды. Жүргізуші оқиға орнында ұсталғанымен, түсініктеме бергеннен кейін босатылған. Апатқа байланысты әкімшілік іс қозғалып, тергеу басталған.
Алматы полиция департаменті өкілі Салтанат Әзірбек:
«Toyota жүргізушісі Желтоқсан даңғылымен оңтүстікке қарай келе отырып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылған кезде полиция қызметкерін қағып кетті», – деді.