Адвокат Тлеужан Кішкенбаев Алматыда енесі келінінен таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Келінінен зәбір көрген ене бұған дейін де таяқ жегенін айтты.
"Дәретханаға кіргенімде артымнан келіп сабады. Көзім көгеріп қалды. Бұл бірінші рет емес, осыған дейін де ұрған. Бірақ осы жолы алған жарақатым қатты болды. Нақты үш рет ұрды. Балам екеуі бірігіп психологиялық қысым жасайды. Ұрған күннің ертесіне келіп арыз жаздым. Бірақ нақты шара жасалған жоқ", деді таяқ жеген ене.
Заңгердің сөзінше, полиция бұл оқиғаға қатысты ешқандай шара қолданбаған. Бірақ ол соңына дейін баратынын айтып, апаға қолдау көрсететінін жеткізді.