Алматының Медеу ауданында қайғылы жол апаты орын алды. Полиция департаментінің мәліметінше, шығыс айналма жолында келе жатқан Li9 маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала деректер бойынша, шамамен 60-65 жастағы әйел адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталу үстінде.
Осы фактіге байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.