Алматы қаласында дүкен мен автосервис орналасқан ғимаратта жоғары дәрежелі өрт болды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.
«Қазіргі сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан жеке тұрған дүкен мен автосервистегі өртті сөндіріп жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дайындық деңгейінде жұмыс істеуде», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Өрт болған жерде су үздіксіз жеткізіліп, сөндіру жұмыстары ұйымдастырылған.