Алматыда сенбі күні кешке белгісіз бір адам аноним түрде қала орталығындағы ғимаратқа бомба қойылғаны жөнінде хабарлағанын Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарланған ғимарат Назарбаев көшесінде орналасқан бұрынғы «Цезарь» кинотеатры. Оқиға орнына полиция және басқа да жедел-құтқару қызметтері жіберілді.
«Бомбалауға қатысты хабар түскен соң, қаладағы жедел қызметтер объектіні тексеру мақсатында алғашқы шараларды жүзеге асыруда. Кәсіпорынға кірген және кірмекші болған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эвакуация жүргізілді. Сонымен қатар ғимаратқа комиссиялық тексеріс жүргізілді», – деп хабарлады полиция.
Тексеру нәтижесінде хабарлама расталмады. Көрсетілген объекті бойынша сағат 20:40-та қауіпсіздік шаралары аяқталды.
«Қазіргі уақытта жедел бөлімшелер белгісіз адамның кім екенін анықтау және оны ұстау мақсатында кешенді шаралар жүргізіп жатыр» – деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.