Жаңалықтар

Алматыда ер адам көпірден құлап қаза тапты

Алматыда ер адам көпірден құлап қаза тапты

Алматының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Ер адам Президенттің бірінші паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Көз жұмған адам Аль-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында орналасқан көпірден құлағаны айтылды. Алматы полиция департаментінде ер адамның қайтыс болғаны расталып, ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«Бұл факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасымен қылмыстық іс басталды. Мотиві мен оқиғаның толық жағдайы анықталуда», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Қосымша мәліметтер әзірге жарияланбады.

Барлық жаңалық