Алматыда 44 жастағы ер адам электросамокатпен жиектасқа (бордюр) соғылып, көз жұмды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға түнде Төле би даңғылына жақын орналасқан Варламов көшесінде болған. Жергілікті тұрғын электросамокатты басқара алмай, жиектасқа соғылып, құлаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Дәрігерлер бірнеше минут бойы реанимациялық шаралар жүргізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қаразды оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам қорғаныс шлемінсіз және басқа да жеке қорғаныс құралдарына ие болмаған.