Қоғам

Алматыда бюллетень туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

Алматыда бюллетень туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде сайлауға қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғынның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

«Алматыда жалған ақпарат тарату дерегі анықталды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы қаласы Полиция департаменті дауыс беру үшін алдын ала толтырылған бюллетеньдер таратылып жатыр деген мазмұндағы жалған ақпарат жарияланғанын анықтады.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде аталған материалдардың ресми сайлау бюллетеньдеріне еш қатысы жоқ екені белгілі болды. Олар тек түсіндірме сипатындағы тарату материалдары – жадынамалар мен ақпараттық брошюралар болып шықты.

Жарияланым авторы тексеру барысында жалған ақпарат таратқанын мойындады. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалған ақпарат әлеуметтік желіден жойылды», – деп хабарлады Алматы қаласының ПД.

Барлық жаңалық