Алматы қаласының Түрксіб ауданында 24 жастағы бойжеткеннің көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлап қайтыс болғаны хабарланды. Оқиға бүгін болған деп жазады Оzgeris.info сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.
Куәгерлердің айтуынша, қыз «Радужный берег» тұрғын үй кешенінен тәуліктік пәтер жалдаған. Өкінішке қарай, сол бір тәулік оның соңғы күніне айналды.Қыздың өлімі суицид пе немесе жазатайым жағдай ма әзірге белгісіз. Бұл сұраққа тергеу жауап бермек.
Түрксіб аудандық полиция басқармасы фактіні растады:
«Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. 24 жастағы қыздың өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады.