Алматыда 56 жастағы ер адам аудандық полиция басқармасының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлап, арнайы қызметтерді жұмылдырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полиция мәліметінше, оқиға орнына шұғыл қызметтер жетіп, ғимарат пен оған жақын аумақ толық тексерілген. Алайда ешқандай жарылғыш зат, құрылғы немесе оқ-дәрі табылмаған.
Тергеу барысында хабарламаны 56 жастағы қала тұрғыны жасағаны анықталды. Ер адам жарылғыш зат қоймағанын және мұндай хабарламаны қасақана бергенін мойындаған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жарылғыш зат туралы кез келген хабарлама нақты қауіп ретінде қарастырылатынын ескертті. Мұндай жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.