Алматыда құтқарушылар “Үш аға” шыңында жардан құлаған 17 жастағы жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 17 шілдеде сағат 16:50-де тіркелген. Үш жасөспірім бағыттан адасып, олардың бірі шамамен 15 метр биіктіктен құлап, есінен танып қалған. Құтқарушылармен телефон арқылы байланыс орнатылып, координаттар берілді.
“БАУ” бекетінен шыққан құтқарушылар 21:46-да зардап шеккенге жетті. Жасөспірімнің иығы, шынтағы, жамбасы сынған деген күдік бар, омыртқасы да зақымдануы мүмкін.
Ол тікұшақпен №1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қасындағы екі досы да әуежайға дейін эвакуацияланып, үйлеріне қайтқан болатын.