Алматы қаласындағы автобустардың бірінде жанжал тіркелді. Екі жолаушы әйелдің арасында жанжал шыққан. Ұрыс кезінде қыз таэквондо техникасына ұқсас қозғалыс жасады.Оқиға куәгерлері жағдайды видеоға түсіріп алды. Әзірге жанжалдың нақты себептері мен зардап шеккен адамдардың бар-жоғы анықталуда.
Қалалық билік пен полиция оқиғаны тексеріп жатыр, қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.