Жаңалықтар

Алматы облысында полиция қызметкері өз әйелін қағып өлтірді

Алматы облысында полиция қызметкері өз әйелін қағып өлтірді

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы әйелді көлік қағып кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Кей дереккөздерінде көлік тізгінінде марқұмның күйеуі — полиция қызметкері болғаны айтылуда.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Полиция мәліметінше, әйелді қағып кетті деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Оқиға салдарынан әйел алған ауыр жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынғаны атап өтілді.

Полиция өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық