Алматының Жетісу ауданында орналасқан жеке тұрған екі қабатты қойма ғимаратында ірі өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Оzgeris.info хабарлайды.
Қазір оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жоғарылатылған дайындық деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, үш бағыт бойынша арнайы бөлімшелер әрекет етуде. Су беру үздіксіз қамтамасыз етіліп, бірнеше өрт сөндіру шлангілері іске қосылған.
Өрт сөндірушілер шатырды ашып, жалынның негізгі ошақтарына жетуге тырысуда. Бұл оттың әрі қарай таралуына жол бермеу үшін қажет шара. Сонымен бірге құтқарушылар құрылымдық элементтерді бөлшектеп, қосымша техникалық өткелдер жасап жатыр. Бұл өртті барынша тиімді сөндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жалынды оқшаулау және толықтай сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.Өртті ауыздықтауға шамамен 80 қызметкер, 21 техника және Алматы қаласы ТЖД-ның арнайы өрт автопоезы жұмылдырылған.