Қоғам

Алматы облысында екі клиника МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған

Алматы облысында екі клиника МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену дерегі анықталды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Тексеру барысында жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы 65,9 млн теңге заңсыз алынғаны белгілі болды.

 Анықталғандай, екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген.

Соның негізінде МӘСҚ қорының қаражатынан заңсыз төлемдер жүргізілген. Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Барлық жаңалық