Қоғам

«Алматы мен Астанада 50-ден астам гей клуб бар»: Қоғам белсендісі ащы шындықты жайып салды

«Алматы мен Астанада 50-ден астам гей клуб бар»: Қоғам белсендісі ащы шындықты жайып салды

Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева Алматы мен Астана қалаларында 50-ден астам гей клубтар барын айтты. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

”Санайтын болсақ, Алматы мен Астана қалаларында 50-ден астам гей клубтар бар. Олар сол жерге шоғырланып, өзін де көрсететін, өзгелерді де көретін бір орта шығар. Қабылданған заң насихатқа ғана шектеу қояды, клубтардың жабуына ешқандай әсер ете алмайды”, — деді қоғам белсендісі.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойды.

Барлық жаңалық