Шоу-бизнес

"Алма қызымызбен". Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты

"Алма қызымызбен". Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы төртінші рет ана атанып, қызды болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Біз Алма қызымызбен үйге шықтық", - деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, продюсер 2017 жылы кәсіпкер Тұрсен Алагөзовпен шаңырақ көтерген болатын. Баян Мақсатқызы 6 тамыз күні үшінші сәбиін дүниеге әкеліп, есімін Алиса деп қойған еді.
Барлық жаңалық