💰 Экономика

Алғашқы АЭС-тің макеті таныстырылды

Алматы облысындағы Үлкен ауылында алғаш рет АЭС салу жоспары нақты макетке айналды, деп жазады Ozgeris.info.

Халықаралық консорциум жүзеге асырып жатқан жобаның басында Ресейдің «Росатом» корпорациясы тұр. Кеше елге көрсетілген станса үлгісі – Нововоронеж АЭС-інің №6 энергоблогы. Құрылыс Балқаш көлінің жағасында жүргізіледі деп жоспарланған.

«Бұл – әлемдегі ең заманауи әрі тиімді АЭС болады», деді «Росатом» басшысы Алексей Лихачев. 

Алайда осындай үлкен сөздерге қазақстандықтардың барлығы бірдей сене бермейді. Бірі энергия тапшылығын шешудің амалы десе, екіншісі экологиялық қауіп пен шетелге тәуелділікке алаңдайды.

Барлық жаңалық