Жаңалықтар

Әлеуметтік жәрдемақының 14 түрін төлеу тәртібі өзгереді: Бектенов не дейді 

Әлеуметтік жәрдемақының 14 түрін төлеу тәртібі өзгереді: Бектенов не дейді 

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақының 36 түрінің 14-іне қатысты өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қалған 22 түрі бойынша төлем тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелеріне арналған кеңесте айтылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Олжас Бектенов әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж азаматтарға жетуін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын арттырып, олардың нәтижесін бағалау маңызды.

«Отбасының цифрлық картасы» жүйесінде 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйеден алынған 20 млн-нан астам азамат пен 6,2 млн үй шаруашылығына қатысты деректер жинақталған. Бұл ақпарат азаматтардың әл-ауқатын бағалауға және кімнің мемлекеттік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға көмектеседі. Деректерді әкімдіктер азаматтардың нақты тұрмыс жағдайын ескере отырып тексереді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 480 355 отбасының тұрмыс жағдайы жақсарып, әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылған. Ал 2026 жылдың басынан бері бұл санатқа тағы 464 158 отбасы өткен.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру аясында әл-ауқаты жоғары азаматтардың жағдайы тексеріліп жатыр. Үкіметтің мәліметінше, өзгерістер әлеуметтік жәрдемақының 36 түрінің 14-іне ғана қатысты болады. Қалған 22 түрі бойынша төлем тетіктері сақталады.

Билік көмекке мұқтаж азаматтар үшін мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тәртібі толық көлемде сақталатынын атап өтті.

Барлық жаңалық