🌐 Әлем

Әлемдегі ең қауіпті қала анықталды

АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social желісіндегі жазбасында айтып, қаладағы қылмыс деңгейіне алаңдаушылық білдірді, деп жазады Ozgeris.info. 

«Чикаго – ең қорқынышты және ең қауіпті қала. Иллинойс штатының губернаторы Джей Притцкерге көмек керек, бірақ ол әзірге мұны білмейді», деп жазды Трамп.

Президенттің айтуынша, соңғы демалыс күндері Чикагода 54 адам оқ жарақатын алып, 8 адам қаза тапқан. Трамп қаладағы жағдай шұғыл шараларды қажет етеді деп санайды және қауіпсіздікті қалпына келтіруге уәде берді:

«Мен қылмыс мәселесін жылдам шешемін. Вашингтонда қалай жасасақ, Чикаго да солай қайтадан қауіпсіз қалаға айналады», деді ол.

Айта кетейік, 12 тамызда Пентагон Ұлттық гвардияның 800 сарбазын Вашингтонға жіберген болатын. 21 тамызда Трамп гвардия сарбаздарымен бірге астана көшелеріне шығып, қылмыспен күресті бақылаған.

Президенттің мәлімдеуінше, гвардия енгізілгеннен кейін Вашингтонда бір апта бойы бірде-бір кісі өлімі тіркелмеген, ал жалпы қылмыс деңгейі 87%-ға төмендеген.

Барлық жаңалық