Шоу-бизнес

Алдияр Жапарханның посты Нұрлан Қоянбаевты ашуландырды

Бұл жолы Нұрланды ренжіткен адам «Ирины Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапархан. Әзіл ретінде ойлаған посты күтпеген реакция тудырып, жағдай шиеленісіп кетті деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Алдияр жаңа фильмі туралы:«Айтып қояйын, ешқандай Aуру 2, Aуру в Бразилии жоқ», – деп жазды.Әркімге түсінікті астарлы сілтеме Нұрлан Қоянбаевтың фильмдеріне бағытталған еді.

 

Нұрлан бұл жолы сабырлы бола алмай, қатқыл жауап қайтарды:


«Ешқандай ‘Көк Тумен’ мас күйде сахнаға шығу болмайды», – деді.

 

Бұл ескерту ИК тобының сахнада мас күйінде мемлекеттік рәміз туралы трек орындаған бұрынғы даулы оқиғасына нақты сілтеме болды.

 

Желіде пост тез тарап, пікірлер қыза бастады. Алдиярға хейт толассыз жинала берген соң, ол дереу әрекетке көшті:Постты өшіріп,көпшіліктен кешірім сұрады.Нұрлан Қоянбаевты бұрынғы жетекшісі ретінде сыйлайтынын жеткізді,

 

«Бұл тек әзіл еді, бәрі қате түсінді.Бізді дұшпан көрмеңіздер» деді.

 

Барлық жаңалық