7-9 шілде аралығында елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында, 7 және 8 шілдеде солтүстікте, 7 шілдеде – орталық және шығыс облыстарда, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Синоптиктер қатты ыстық болатынын ескертті. Республиканың солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35, +39 градусқа дейін ысиды. Кейбір аймақтарда температура +41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте температура +35-38 градус шамасында болады. Елдің қалған бөлігінде температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.