Жаңалықтар

Алдағы күндері бұрын-соңды болмаған аяз түседі

Алдағы күндері бұрын-соңды болмаған аяз түседі

Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына жылжып келе жатқан суық антициклонның ықпалымен алдағы күндері термометр көрсеткіші 30–38 градус аязға дейін төмендейді деп болжанды. Бұл туралы Қазгидромет РМҚ мәлім етті. 

— Күнтізбелік қыстың басталуымен Қазақстан тұрғындарын ауа райы жылы болып қуантты. Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Ол республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, — делінген Қазгидромет хабарламсында.

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градус аязға дейін төмендейді. Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

 

Барлық жаңалық