Шоу-бизнес

"Алда - үлкен той": Динара Сәтжан сүйінші жаңалығын бөлісті (ФОТО)

"Алда - үлкен той": Динара Сәтжан сүйінші жаңалығын бөлісті (ФОТО)

Динара Сәтжан желідегі парақшасында отбасында үлкен тойға дайындық басталғанын жазды, - деп хабарлайды ozgeris.info

Сөзінше, тележүргізушінің інісі шаңырақ құрғалы жатыр екен. 

"Сәтжановтар әулетіне бір мүше қосылды. Арай, шын жүректен қош келдің! Ініміз Паша көптен күткен бақытын өз туған жері – Қарағандыдан тапты. Бүгін сырға салу рәсімін сән-салтанатымен өткіздік. Алда - үлкен той! Жас жұбайларға мәңгілік махаббат пен баянды бақыт тілейміз!", - деп жазды Динара Сәтжан. 

Оқырмандары тележүргізушіні құттықтап, ақ тілектерін арнауда. 

Барлық жаңалық