🌐 Әлем

Албанияда жасанды интеллект министр болды

Албания әлемде алғаш болып жасанды интеллектке министр мәртебесін берді. Мемлекеттік сатып алуларды қадағалайтын жаңа виртуалды министрдің аты Diella. Бұл сөз албан тілінде «күн» деген мағына береді, деп жазады Ozgeris.info.

Премьер-министр Эди Раманың айтуынша, мемлекеттік тендерлерді өткізу процесі кезең-кезеңімен Diella-ның құзырына берілмек. Оның басты мақсаты – жемқорлықты толық жою және мемлекеттік қаражатты ашық әрі тиімді басқару. «Бұл қиял емес, нақты іс», деді Рама.

Жасанды интеллект Diella елге жақсы таныс. Ол қазірдің өзінде ұлттық электронды қызмет көрсету жүйесі e-Albania платформасын басқарып отыр. Оның бейнесі дәстүрлі албан киіміндегі қыз түрінде жасалған.

Бұл жаңалық Албанияның жемқорлықпен күрестегі батыл қадамы ретінде бағаланып отыр.

Барлық жаңалық