Шоу-бизнес

Әкесінен айырылған Мұрат Бисембиннің қызы елді жылатқан мәлімдеме жасады

Әкесінен айырылған Мұрат Бисембиннің қызы елді жылатқан мәлімдеме жасады

Ауыр дерттен көз жұмған танымал актер Мұрат Бисембиннің қызы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.


Марқұмның қызы әкесінің қазасына байланысты қолдау білдіріп, көңіл айтқан барша жанға алғысын жеткізді. Оның айтуынша, жылы лебіздер мен жанашыр сөздер бұл ауыр сәтте үлкен демеу болған. Сонымен қатар ол әрбір адамға жеке-жеке жауап беруге мүмкіндік болмағанын, қоштасу рәсімінің күтпеген жерден өте жылдам өткенін атап өтті.

 

«Өміріміз енді ешқашан бұрынғы қалпына келмейді. Біз ең қымбат жанымыздан — асқар тау әкемізден, сүйікті жардан, отбасымыздың басты тірегінен айырылып қалдық. Бұл қайғыны толық жеңу мүмкін емес, бірақ сонымен бірге өмір сүруді үйренуге тура келеді», — деп жазды ол.

 

Еске сала кетейік, отандық кино көрерменіне «Рэкетир» фильміндегі рөлі арқылы кеңінен танылған актер Мұрат Бисембин 53 жасында ауыр сырқаттан өмірден өтті.

Барлық жаңалық