Эстрада және опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова жуырда дүниеден өткен анасы жайлы естеліктерін "Бүгін LIVE" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әнші жуырда Астана және Алматыда шығармашылық кешін береді. "Өмірге ғашықпын" концерті 17 қазанда Алматыда және 23 қазанда Астанада өтеді. Өнер иесі шығармашылық кешін анасына арнайтынын атап өтті.