Шоу-бизнес

"Ажырасқан қызды ұзаттым": Әнші Наркенже танымал блогердің тойы туралы (ВИДЕО)

"Ажырасқан қызды ұзаттым": Әнші Наркенже танымал блогердің тойы туралы (ВИДЕО)

Танымал әнші Наркенже Серікбаева күні кеше өзі ұзатқан блогер Ерсайды сынағандарға үн қатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Блогер Ерсай-Қытайдан келген қазақ қызы. Ажырасқан, 1 қызы болса да ұзату тойын жасаған. Қазақстандық Олжас атты жігітке тұрмысқа шыққан.

"Біреудің ТАҒДЫРЫН талқылауға құмармыз… Әр адам өз ойының, ниетінің, тілінің жемісін түбінде жейді. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң аузына келгенін құсатын пікір жазғыштардың куәсі боласың. Қай қазақтың қызы бой түзеп, бойжеткен соң ұзатылғысы келмейді. Ал ұзатылып некесі сәтті болмай ажырап, күні келіп қайта ұзатылып, ақ көйлек кисе оның жеке басына тисіп, тағдырын талқылаймыз. Кім бақытты болғысы келмейді?! Салтты сақтамады, дәстүрден аттады деп айыптау бәріне оңай… Біздің қоғам қыздармен алысқанша, сырға таққан ұлдармен, жынысын ауыстырып жатқан жетесіздермен алысса екен… Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда деп жүріп алмай, қалтасындағы қаржыға сеніп қалмай, бақытты болуға ұмтылып жатқан жұптарға қуана қараймын! Адам тағдырын таңдап алмайды. Бәрі Алланың қалауымен. Әмірімен. Құдай ешкімді жалғыз өмір сүрсін деп жаратпады. Өйткені жалғыздық Раббымызға ғана тән. Осы ұмытпайық ағайын!", - деп жазды өнер иесі.

Оқырмандар қолдап түрлі пікір қалдырды. Осы текстке хайп тақырып керек.

Барлық жаңалық