Шоу-бизнес

"Айтсам, жақсы болсын деп айтамын": Сәкен Майғазиевтің әйелі келіні туралы ашық айтты (ВИДЕО)

"Айтсам, жақсы болсын деп айтамын": Сәкен Майғазиевтің әйелі келіні туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева келініне деген қарым-қатынасымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Айтуынша келінін қызындай көруге тырысады.

"Келін мен қызға деген махаббаттың еш айырмашылығы жоқ. Ол сенің табалдырығыңды аттап, үйіңе келгеннен кейін қызыңдай көресің. Қызыңа қандай ақыл айтсаң, келініңе де сондай ақыл айтасың. Барлығының жақсы болғанын қалайсың. Әрине, келін келін, қыз ол қыз, Бірақ өзім ана болған соң барлық аналарға бөтен бала болмайды. Барлығын өзіңнің балаңдай қарайсың. Қызымды қалай жақсы көрсем, келінімді солай жақсы көрсем. Бір нәрсе айтсам жақсы болсын деп айтамын. Кейде Әдияға айтамын, айтуым керек, кейін ол өзіңе керек болады деп. Айтсам, маған ренжім қалма деймін. Маған да кезінде енем, анам айтқан ақылдарын қазір әлі күнге дейін азық. Әлі қолданып келе жатырмын", - дейді ол. 

Оқырмандар Динара ханымның бұл ойын қос қолдап қолдай кетті.

"Өте дұрыс айтасыз", "Келінге қалай қарасаң, ол да саған солай қарайды", "Келінге ененің қамқорлығы, ақылы керек", - деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалық