«Қазақ тіліне аударылып жатқан фильмдерді кеңінен насихаттап, кинотеатрларға барып, қазақ дубляжын қолдауға шақырамыз. Әлемдік студиялардың қазақтілді ортаның қызығушылығын ескеріп, туындыларын өз есебінен аударып, ұсынуы – біз үшін өте жақсы жаңалық. Биылғы әлемдік премьералардың қазақ тіліндегі аудармасы бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге жетті. Қазақша кино көруге ықыласты қауымның көбейгені анық байқалды. Алдағы уақытта танымал туындыларды қазақ тіліне аудару дәстүрі жалғаса береді. Бұл тіліміздің, әсіресе, балалар мен жастар үшін тартымдылығын арттыруға және кеңінен таратуға бағытталған тиімді тәсіл деп санаймын», - дейді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.Фильм кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлеткендер: қазақстандық әнші Назима, ол Моананың барлық әнін орындайды. Моана Құралай Өтепованың дауысымен сөйлейді. Актриса Айнұр Болат – Моана мен Мауиге қатер төндіретін Матангиді дыбыстады, ал Матангидің әндерін Гауһар Өмірзақова орындады. Қобыланды Болат алпамсадай Мауиді дыбыстады. Бақытжан Әлпейіс – «күңкілдек бағбан» және Моананың тобының мүшесі Келені «сөйлетті». Қазақ тіліндегі дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев. Музыкалық жетекші – Анель Сіргебаева. Фильм режиссері – кіші Дэйв Деррик, музыка авторы – «Грэмми» сыйлығының жүлдегерлері Эбигейл Барлоу мен Эмили Беар, «Грэмми» номинанты Опетайя Фоая мен үш дүркін «Гремми» жүлдесінің иегері Марк Манчина. Айта кетейік, фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы биыл «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. 28 қарашадан бастап «Моана 2» анимациялық фильмі кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі. Фильмнің қазақ тіліндегі дубляжы қазақстандық Movie Dalen студиясында жасалды. Осыған дейін Disney мен Pixar студиясы «Ойжұмбақ 2» фильмін қазақ тіліне аударып, кәсіби дубляж жасады. «Ойжұмбақ 2» фильмі алғашқы 4 күнде 40 000 000 теңгеден астам қаражат жинап, бұған дейін көрсетілген туындылар арасында рекорд орнатты. Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері арасында Қазақстан жиналған сома бойынша бірінші орында тұрды.
Жаңалықтар
Әйгілі «Моана 2» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті
29.11.2024
504
-
«Тағы әйел алды ма деп қалдым»: Ағайынды Жүгінісовтердің суреті жұртты шошытты12:52, 21 қазан 2026
-
«Бетке лақтырма, бауырым»: Қайрат Нұртас сахнада ашуға булықты12:32, 21 қазан 2026
-
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жасайды12:20, 21 қазан 2026
-
-
«Қартайып қалыпты»: Тұрсынбек Қабатов анасынан бата алды11:36, 21 қазан 2026
-
СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды11:08, 21 қазан 2026
-
-
«Астанада өз үйім жоқ»: депутаттың отбасы мемлекеттен жәрдемақы алмайды10:21, 21 қазан 2026
-
«Жаның жәннатта болсын»: Уәлибек Әбдірайымовтың батасы талқыға түсті09:52, 21 қазан 2026
-
Қабатовтың екінші әйелі енесімен қарым-қатынасын жария етті09:51, 21 қазан 2026
-
«Еркемін»: Тұрсынбек Қабатов тоқалымен сүйісті16:08, 20 қазан 2026
-
«Ақшасы бар, тәрбиесі жоқ»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіні шертіп жіберді14:20, 20 қазан 2026
-
-
-
-
«Жаның жәннатта болсын»: Уәлибек Әбдірайымовтың батасы талқыға түсті09:52, 21 қазан 2026
-
«Шапалағын беру керек»: Жұмабек Жанықұл шерткен асаба мәлімдеме жасады09:30, 21 қазан 2026
-
Қабатовтың екінші әйелі енесімен қарым-қатынасын жария етті09:51, 21 қазан 2026
-
-
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
-
-
«Баяннан да сұлуын тауыпты»: Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпар шықты18:22, 14 қазан 2026
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026
-
«Сонша бұраңдағаны несі»: Мадина Сәдуақасова өзбек әншісінің алдында биледі14:09, 16 қазан 2026
-
«Шайтан сияқты қайта шығыпты»: істі болған Сабыржан асаба тойда көзге түсті13:46, 19 қазан 2026
-
Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиевке басу айтты11:37, 15 қазан 2026
-
Ақмола облысында балық аулауға кеткен зейнеткердің денесі көлден табылды16:09, 14 қазан 2026
-
«Жауап қайтарар уақыт келеді»: Олжас Абайдың экс-әйелі астарлы жазба жариялады18:16, 17 қазан 2026
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Анасы онкологиямен ауырады»: Қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасы ауыр жағдайда13:51, 27 қыркүйек 2026
-
«Анамның інісі зoрлады»: Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты жариялады13:17, 23 қыркүйек 2026
-
«Ақтауға барғанына бір ай ғана болған»: Түркістандық лейтенант туралы не белгілі13:24, 26 қыркүйек 2026
-
«Формадағы солдат суда тұр»: Көріпкел Каспийдегі жайтты алдын ала болжаған09:36, 28 қыркүйек 2026
-
«Баламның ішінде өкініш бар»: Аман қалған сарбаздың анасы жазбасымен елді жылатты11:39, 26 қыркүйек 2026
-
«Биыл қатыным өлді»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойдағы мәлімдемесі жұртты шошытты08:41, 01 қазан 2026
-
«Мынадай командирлерден Құдай сақтасын»: Маңғыстаулық блогер теңізде не болғанын айтты15:12, 24 қыркүйек 2026
-
«Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болады»: Нұрлан имам қара жамылғандарға басу айтты11:57, 26 қыркүйек 2026
-
Аша Матайдың күйеуі өзіне қатысты айтылған әңгімеге жауап берді09:45, 21 қыркүйек 2026