Қоғам

Әйелімді жұмысқа мәжбүрлемедім: Айдос Сарым экс-әріптесі Бақытжан Базарбекті сөз етті

Әйелімді жұмысқа мәжбүрлемедім: Айдос Сарым экс-әріптесі Бақытжан Базарбекті сөз етті

Құрылтай депутаты Айдос Сарым депутаттардың жалақысы қалай есептелетінін айтып, өзінің айлығы туралы да пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның айтуынша, депутаттардың жалақысы барлығына бірдей емес. Табыс мөлшері еңбек өтіліне, қызметтегі жылдарына, сондай-ақ ғылыми дәрежесі мен атағына байланысты белгіленеді.

«Еңбек өтіліне, қызметтегі жылдарына байланысты жалақы мөлшері әртүрлі. Ғылыми дәрежеңіз бен атақтарыңыз да ескеріледі. Мысалы, бұрын генерал немесе елші болған болсаңыз, тиісті үстемақы қарастырылады», – деді Айдос Сарым.

Депутаттың сөзінше, Мәжілістегі айлық көлемі шамамен 600 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін жетеді.

Ал өзінің нақты жалақысы туралы сұраққа Айдос Сарым айлығы миллион теңгеден сәл төмен екенін айтты.

«Менің жалақым миллион теңгеден сәл төмен, нақты сомасы есімде жоқ. Осында отырып жұмыс істеп жүргеніме қарағанда, әзірге жетіп жатыр», – деді депутат.

Сондай-ақ ол отбасының қаржылық жағдайына қатысты сұраққа әзілмен жауап берді.

«Бақытжан Базарбек сияқты әйеліме жұмысқа шық демедім», – деді Айдос Сарым.

Барлық жаңалық