Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген әзілкеш қажет Смағұл желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Айтуынша ол әйелі емес, тоқалы.
Өзіне айтылған сын-пікірлерге де жауап қайтарды.
"25 жас кіші деп пост салып едім, Қазақстан екіге бөлінді. Жерден алып жерге салып жатқандар да, құттықтап жатқандар да бар. Итальяндық сияқты бай емессің ғой дейтіндер бар. Әйелімнің фотосын саламын ба деп ойлаған едім. Бірақ мынадай негативке ұрынып, көңілі түсіп қала ма деген ой бар", - деді ол.