Қоғам

«Әйелдің киімін киіп алған»: Садраддиннің образы тағы да талқыға түсті

«Әйелдің киімін киіп алған»: Садраддиннің образы тағы да талқыға түсті

Танымал әнші Садраддин Болат тағы да киім үлгісі үшін сынға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желі қолданушылары әншінің «Қызық Times» бағдарламасына киіп барған киімін ұнатпай, пікірлерін жазды.

«Үстіне не киіп алған?», «Садраддинге шұғыл стилист керек», «Мынау әйелдердің киімі ғой», «Соңғы кезде біртүрлі болып жүр», «Қыздардың жемпірін киіп алғаны несі?», – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін де Садраддиннің Алматыда өткен концерттегі киім үлгісі көпшіліктің талқысына түсті. Әншінің образына қатысты түрлі пікір айтылып, дизайнер де арнайы мәлімдеме жасаған болатын.

Барлық жаңалық