Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқанды әбден сынап тастады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазған.
"Мөлдір Мұқанның подкастын көрдім. Подкасттан кейін киносын қарасам, подкасттан айтқан барлық нәрсе киноның ішінде бар. Мен байқаған минустар актерлік құрам өте әлсіз. Танымайтын адамдар жүр. Мүмкін Мөлдірдің құрбылары шығар. Тек Ақерке Арыстың ғана тәжірбиесі бар. Сол ғана күлетін жерлерін алып шықты. Ешқандай юмор, сатира жоқ ішінде. Ішінде тек блогерлар жүр. Миллиард жинайтын кино үшін барлығы өте әлсіз. Тағы бір минус - костюмердің жұмысы. Бұндай костюмдерді 10 жыл бұрын түсірген киноларда киген. Ол заман қазір өтіп кетті. Заманауи киноға бұл костюмдер жараспайды. Дубляж құлаққа жағымсыз. Бұл жерде продюсер, оператор, режисердің жұмысы, еңбегі бар. Кино бәсекелестікке келмейді. Әр дүниенің өзіндік бағасы бар. Келісесіз бе, келіспейсіз бе маған бәрібір", - деп жазды ол.
Алайда Бақыттың бұл пікірі желі қолданушыларының жаппай ашуын тудырды.
"Мөлдірді көре алмай май, "Әйелдің жауы-әйел", "Соншама сынайтындай не көрінді", - деп жазды олар.