Жаңалықтар

"Әйел зорланып, күйеуі асылып қалған": Ақтөбеде қала шетінен ерлі-зайыптының денесі табылды

"Әйел зорланып, күйеуі асылып қалған": Ақтөбеде қала шетінен ерлі-зайыптының денесі табылды

Ақтөбеде кеше 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов, оның әйелі Гүлжахан Шектібаева із-түзсіз кетіп, іздеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 Олар Ақтөбе қаласы 41-разьездегі үйінен шығып, хабарсыз қалған. Бүгін екеуінің де денесі қала шетінен табылды.

— Полиция 1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуі асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Қажетті процестік әрекеттер жасалып, аумақ тексеріліп, заттай дәлелдемелер жинақталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Барлық жаңалық